Пойыздың астына түспекші болған ер адамды құтқарып қалған әйел жұртты таңғалдырды - Видео

20 Қаңтар 2018, 15:27
0
Пойыздың астына түспекші болған ер адамды құтқарып қалған әйел жұртты таңғалдырды - Видео -

Ұлыбританияда жолаушы әйелдің пойыздың астына түспекші болған ер адамды құтқарып қалған сәті түсірілген видео Желіде тарай бастады, деп хабарлайды vesti.ru порталы Mix 96 ақпарат көзіне сілтеме жасап.

Порталдың мәліметінше, оқиға Tring Station станциясында болған. Оқиғаның видеосы Желіде кеңінен тарап, қызу талқыға түсіп, қолданушылардың кейбірі оның қойылым екенін жазып жатыр.

Видеодан ер адамның қамығып, телефонын шағып, платформаның шетіне қарай жүгіріп барғанын көруге болады. Ол жүріп келе жатқан пойыздың астына түспекші болған. Сол сәтте әйел жүгіріп келіп, оны құтқарып қалды.

 

Айта кетейік, роликке қатысты түрлі пікірлер жазылып жатыр, бірі әйелдің шапшаңдығына, батылдығына таңғалса, енді біреулер видеоның жалған екенін айтады. Алайда метрополитен қызметкерлері оның жалған немесе рас екенін айтпады.

"Қандай жағдай болмасын, жолаушыларға мұқият болуға кеңес береміз. Дегенмен, өз бастарын қатерге тігуге шақырмаймыз. Одан да шұғыл қызметке хабарласқан абзал", - деді Лондон метрополитеннің баспасөз қызметіндегілер.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай