31 наурыз 2016 14:50

Президент Атамбаевтың кенже қызы тегін ауыстыратын болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Facebook © Facebook

Қырғызстан президентінің кенже қызы, суретші Әлия Шағиева тегі арқылы жарнамаланып жүр деген айыптаулардан кейін фамилиясын өзгертетінін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі оның Facebook желісіндегі парақшасына сілтеме жасап.


Қырғызстан президентінің кенже қызы, суретші Әлия Шағиева тегі арқылы жарнамаланып жүр деген айыптаулардан кейін фамилиясын өзгертетінін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі оның Facebook желісіндегі парақшасына сілтеме жасап.

Еске салайық, осыған дейін суретшінің картиналардың сатылымынан түскен қаражатты Даун синдромымен ауыратын балаларға көмек көрсету қорына аударғаны хабарланған еді. Қорға бас-аяғы үш мың доллардан аса қаражат аударылыпты. Бұл қаражатты Шағиева өз суреттерінің Бішкектегі көрмесінде тапқан. 

Шағиеваның айтуынша, БАҚ-тарда осы жаңалық шыққаннан кейін оған қарата өзін-өзі жарнамалады деген сын мен айыптаулар қаптаған. "Мен БІРДЕ-БІР ақпарат агенттіктерінен менен сұхбат алсын деп сұраған жоқпын, өздері бірінші болып жазды, ал сұхбат кезінде шын тегімді атаған жоқпын, өздеріңіз де оған көз жеткізе аласыздар", - деп жазды қыз. Оның айтуынша, ол өмір бойында шешесінің тегімен аталыпты, ал қазір ол куәлігінде де өзгеріс жасамақшы екен, себебі ол туыстық байланыстар арқылы емес, суретші ретінде танылғысы келеді екен.  

"Жалпы айтқанда ойлана бермейтін азаматтарымыздың кейбір пікірі қатты тиді, бірақ, білесіз бе, айтылған алғыстардан кейінгі сезімді айтып жеткізу мүмкін емес! Бір түсінгенім, мұның барлығы тегіннен емес. Ал мені жарнамаланғысы келеді деп сілекейі шұбырып, айғайлайтын адамдар маған жарнаманың жүз есесін жасап жатыр. Жарайсыңдар, достар, шабыңдар! Сіздер де мені күшті ете түсесіздер. Әлсіз сымбатым мен зор деуге келмейтін даусымның арғы жағында өмірлік көзқарасы қалыптасқан адам тұр", - деді ол.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети