20 желтоқсан 2016 09:29

Путин мен Ердоған Ресейдің Түркиядағы елшісіне жасалған қастандық жайлы әңгімелесті

ПОДЕЛИТЬСЯ

© ТВ центр © ТВ центр

Ресей президенті Владимир Путин мен Түркия президенті Тайип Ердоған телефон арқылы Ресейдің Түркиядағы елшісіне жасалған қастандық жайлы әңгімелесті, - деп хабарлайды РИА Новости Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песковқа сілтеме жасап.


Ресей президенті Владимир Путин мен Түркия президенті Тайип Ердоған телефон арқылы Ресейдің Түркиядағы елшісіне жасалған қастандық жайлы әңгімелесті, - деп хабарлайды РИА Новости Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песковқа сілтеме жасап.

Дмитрий Песковтың айтуынша, Ресей мен Түркия елдерінің көшбасшылары телефон арқылы әңгімелесу барысында екі ел арасындағы қауіпсіздікті күшейту туралы келісті. "Түркия мен Ресейдегі өкілеттікті күзету күшейтілетін болады... Сондай-ақ, Ресей президенті Түркия тарапынан Түркиядағы ресейлік өкілеттіктерді қауіпсіздікпен қамтамасыз етуге қатысты кепілдікті алу тапсырылды", - деді Дмитрий Песков.

Осылайша, екі елдің басшылары ресейлік елшінің өліміне қатысты істі тергеу үшін Түркияға тергеу тобын жіберу туралы келісті. Ресей президенті Владимир Путиннің бұл жағдайды "қастандықпен жасалған қылмыс" пен арандатушылық деп атады. 

Сонымен қатар, Ресей президенті елшінің туыстарына көңіл айтты. Владимир Путин РФ СІМ өкілдерінен Түркияда қайтыс болған елшіні наградаға ұсынуды тапсырды. "Сыртқы істер министрлігіндегілерді қаза тапқан елшіні мемлекеттік наградаға ұсынуды сұраймын", - деді Владимир Путин.

Өз кезегінде Ердоған бұл оқиғаны түрік халқына жасалған шабуыл деп атады. 

Еске салайық, Ресейдің Түркиядағы елшісіне тікелей эфирде қастандық жасалған болатын. Ресейдің Түркиядағы елшісіне шабуыл Түркия астанасындағы заманауи өнер орталығындағы көрменің ашылу салтанатында жасалды. Куәгерлердің айтуынша, мекемеге қарулы адам кіріп келіп, дипломаттың артынан оқ атқан. 62 жастағы дипломатқа мінберде сөз сөз сөйлеп тұрғанда жасалған. Полицейлер оған шабуыл жасаған адамның көзін жойды. Бұл оқиғаны түрік телеарнасы тікелей эфирде көрсетіп жатқан. Кейін ҚР СІМ Ресейдің Түркиядағы елшісі Андрей Карловқа жасалған қастандық туралы пікір білдірді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети