21 желтоқсан 2015 16:21

Путин Назарбаевты көру мүмкіндігіне ие болғанына қуанды

ПОДЕЛИТЬСЯ

kremlin.ru kremlin.ru

Кремльде Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Ресей басшысы Владимир Путиннің екіжақты кездесуі өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Мәскеуден. Бүгін елдер басшылары ЕАЭО жұмысының бір жылдығының қорытындысын жасайды.


Кремльде Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Ресей басшысы Владимир Путиннің екіжақты кездесуі өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Мәскеуден. Бүгін елдер басшылары ЕАЭО жұмысының бір жылдығының қорытындысын жасайды.

Түстен кейін мұнда ҰҚШҰ ұжымдық Кеңесінің сессиясы және Жоғарғы Еуразиялық экономикалық кеңесінің отырысы өтеді. 


© Tengrinews

"Біз кедендік және техникалық реттеу стандарттарын жақындастыру жұмыстарын жалғастырудамыз. Осының бәрі оң нәтижесін береді. Егер осы уағдаластықтарымыз болмағанда, экономикаға тиетін соққы одан да күштірек болған болар еді, мен бұған сенімдімін. Мен сізбен көрісу мүмкіндігіне ие болғаныма қуаныштымын", - деп атап өтті Владимир Путин. 

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев былай деп жауап берді: "Менімен кездесуге уақыт тапқаныңыз үшін рақмет. Дәстүр бойынша Жаңа жыл қарсаңында Мәскеуде жиналып жатырмыз. (...) Біз дағдарыстың болатынын білдік, оны еңсеру үшін қажетті шараларды қабылдадық, енді ары қарай жылжу керек. Әлбетте, елдеріміздің ішкі жалпы өнімі азайды, тауар айналымы да бәсеңдеді. Бірақ шекараның ашықтығы мен тығыз байланыстар оң ықпалын тигізіп отыр. Біз мұның бәрін Жоғары еуразиялық экономикалық кеңестің бүгінгі отырысында талқылаймыз,".

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети