17 шілде 2014 10:31

Путин: Санкциялар Ресей-Америка қатынастарын тығырыққа тіреді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Владимир Путин. Фото РИА Новости© Владимир Путин. Фото РИА Новости©

Ресей Федерациясының президенті Владимир Путин АҚШ-тың Ресейге жариялаған санкциялары Ресей-Америка қатынастарын тығырыққа тіреді деп санайтынын айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz РИА Новостиге сілтеме жасай отырып. 


Ресей Федерациясының президенті Владимир Путин АҚШ-тың Ресейге жариялаған санкциялары Ресей-Америка қатынастарын тығырыққа тіреді деп санайтынын айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz РИА Новостиге сілтеме жасай отырып. 

"Санкциялық шаралар бумеранг секілді. Осы тұста Ресей-Америка қарым-қатынасына нұқсан келіп, тығырыққа тірелетіні айдан анық. Осы әрекет Америка елі мен халқының қалыптасқан ұлттық стратегиялық мүддесіне залалын тигізетініне сенімдімін" деді Путин.

Путиннің айтуынша жаңа санкциялар америкалық компаниялардың жұмыс істеуін шектеп, айтарлықтай зиянын тигізеді. "АҚШ-тың Ресейге қатысты қолданып жатқан шарасы Құрама Штаттардың өз ұлттық ұстанымдарына кереғар деп ойлаймын.Бұл нені білдіреді? Мысалы ірі компаниялар Ресейде жұмыс істегісі келеді. Алайда осындай белгілі бір кедергілерге ұшырайды да, жұмыстары шектеледі. Содан кейін олар басқа компанияларға қарағанда бәсекеге қабілеттеліктерін бәсеңдетеді", деді Путин.

Путин ірі ExxonMobil компаниясына Ресей аймағында жұмыс істеуге рұқсат бергенін еске салды. "Олар осындай компаниялардың жақсы жұмыс істегінін қаламай ма? Қате шешімдерімен өздерінің ірі энергетикалық компанияларына зиян келтіруде. Бұдан не шығады? Осының бәрі не үшін? Бір қателіктен соң екінші қателікті жіберу үшін бе? Меніңше бұл кәсіби әрекет емес" деді ол. 

Сондай-ақ Путин Ресей келісімге келуге дайын екенін жеткізді. "Мәселені ақылға салып, дипломатиялық тұрғыда шешеді деп үміттенемін" деп өз ойын білдірді президент. 

Естеріңізге сала кетейік, жақында Вашингтон Ресейге қарсы санкцияларды күшейтетінін мәлімдеген болатын. Санкцияға ұшырағандардың тізімі қосымша жекелеген азаматтармен, компаниялармен толықты. Кейін Брюсселде өткен Еуропалық Одақ саммитінде ЕО көшбасшылары Ресейге қарсы санкцияны күшейтуді құптады. 

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети