01 қыркүйек 2015 | 18:21

Путин ТМД елдерінде доллардан бас тартуды ұсынды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© REUTERS © REUTERS

Ресей президенті Владимир Путин Мемлекеттік думаға есеп айырысуда аралық валюта ретінде доллар мен евродан бас тартуға мүмкіндік беретін механизмді жасау туралы заң жобасын енгізді, - деп хабарлайды Вести.ру.


Ресей президенті Владимир Путин Мемлекеттік думаға есеп айырысуда аралық валюта ретінде доллар мен евродан бас тартуға мүмкіндік беретін механизмді жасау туралы заң жобасын енгізді, - деп хабарлайды Вести.ру.

Ресей президентінің сайтында жарияланған мәліметке сәйкес, "Тәуелсіз елдер достастығына қатысушы елдердің интеграциялық валюта нарығын ұйымдастыру саласындағы әріптестігі туралы келісімнің" аясында есеп айырысуда аралық валюта ретінде доллар мен евродан бас тартуға мүмкіндік беретін механизмді жасалады.

Бұл келісімде резидент-банктердің тарапының ұлттық коммерциялық банктер ұсынған жағдайлардан ыңғайлылығы төмен емес жағдайларды ұсыну шарттарымен бір-бірінің ішкі валюта нарығына банкаралық конверсиялық операцияларды жүргізуі үшін тікелей рұқсат беруі қарастырылған. Мұның сыртқы сауда жасау және қаржы қызметтерін ұсыну саладарында ұлттық валюталарды қолданудың кеңеюіне мүмкіндік беретіні, осылайша ұлттық валюталар нарығының өтімділігінің жоғарылайтыны айтылады. 

Нәтижесінде ұлттық валюта нарықтарының барынша дамитын жағдайы туатыны айтылады. "Сауда-экономикалық ұзақ мерзімді стратегияны және инвестициялық әріптестікті жүзеге асыруға қосымша мүмкіндіктерін туғызуға, сонымен қатар, өңірдегі жалпы макроэкономикалық тұрақтылықты қамтамасыз етуге бағытталған келісілген валюта саясатын өткізуге мүмкіншіліктер туады", - делінген құжатта.

Келісімді ратификациялауға және әрмен қарай жүзеге асырылуы экономикалық әріптестіктің әрмен қарай дамуына, сонымен қатар, ТМД аясында интеграциялық процесстердің тереңдеуіне мүмкіндік жасауы тиіс. Айта кетейік, ЕАЭО аясында ұйымға мүше елдер ұлттық валютаға өту мүмкіндігін қарастырған болатын. Ресей, Беларусь, Армения және Қазақстан елдерінің келісіміне сәйкес, тек ұлттық валютамен өзара есеп айырысуға 2025-2030 жылдарда өту қарастырылған.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 486.58   535.1   5.05 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети