14 қазан 2015 16:13

Ресей MH17 рейсі апатының тергеуін қайта жүргізуге бастама көтерді

ПОДЕЛИТЬСЯ

MH17 рейсінің апат орны. © REUTERS MH17 рейсінің апат орны. © REUTERS

Ресей Boeing ұшағының Украинаның шығысында ұшыраған апатын тергеуді қайта жүргізу құқығын пайдаланатын болды, - деп хабарлайды РИА Новости "Росавиация" басшысы Олег Сторчевойға сілтеме жасап.


Ресей Boeing ұшағының Украинаның шығысында ұшыраған апатын тергеуді қайта жүргізу құқығын пайдаланатын болды, - деп хабарлайды РИА Новости "Росавиация" басшысы Олег Сторчевойға сілтеме жасап.

"Ресей Федерациясы Халықаралық азаматтық авиация конвенциясының он үшінші қосымшасында ұсынылған 5.13 стандартын қолдану арқылы апат жағдайын тергеуін қайта жүргізуге бастама көтереді.", - деді ол. Сторчевой РФ-ның апат бойынша ресейлік есептеулер мен мәліметтерді зерттеуге қосылуға өзге елдерді шақырып отырғанын хабарлады. 

Сонымен қатар, ол Нидерландтың Қауіпсіздік кеңесінің Boeing апаты бойынша баяндамасымен үзілді-кесілді келіспейтінін мәлімдеді. "Біз құжатпен танысып шықтық, бар жауапкершілікті өзіме ала отырып, Ресей Федерациясының бұл есептегі шешімдермен мүлдем келіспейтінін мәлімдеймін, олар қате. Есепте ойсыздық өріп жүр", - деді ол.

Нидерландының апаттарды тергеу бюросының өкілдері ұзақ уақытқа созылған тергеуден кейін малайзиялық Boeing ұшағын Украинаның шығыс аймағында "Бук" зымыран-зенит кешені атып түсірген делінген мазмұнда баяндама жасаған болатын. Голланд сарапшылары "әуе-әуе" зымыранының шабуылы болды делінген нұсқаны қарастырмайды. Сонымен қатар, сарапшылар апат орнында зақымдаушы элементтердің және "Бук" параметрлерімен сәйкес келетін бояу қалдықтарының табылғанын айтып берді. 

Еске сала кетейік, малаизиялық Boeing-777 MH17 рейсімен Амстердамнан Куала-Лумпурға ұшып бара жатып, 2014 жылдың 17 шілдесінде Донецк облысының Грабово елді мекенінің маңында, ресейлік шекарадан 50 шақырым жерде апатқа ұшыраған болатын. Лайнердің барлық 283 жолаушысы мен экипаждың 15 мүшесі қаза болды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети