29 қыркүйек 2014 11:30

Ресей экономикасына санкциядан гөрі билік көп шығын әкелді – саясаткер

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алаш айнасы иллюстрациясы Алаш айнасы иллюстрациясы

Ресей экономикасына Батыс санкциясынан гөрі биліктің өзі көп шығын әкелді. Бұл туралы Ресей Федерациясының тұңғыш президенті Борис Ельциннің көмекшісі Георгий Сатаров жуырдағы неміс басылымына (www.dw.de) берген сұхбатында мәлім етті деп хабарлайды "Алаш айнасы".


Ресей экономикасына Батыс санкциясынан гөрі биліктің өзі көп шығын әкелді. Бұл туралы Ресей Федерациясының тұңғыш президенті Борис Ельциннің көмекшісі Георгий Сатаров жуырдағы неміс басылымына (www.dw.de) берген сұхбатында мәлім етті деп хабарлайды "Алаш айнасы".

Сұхбат алушы сұрағының бірі санкцияға қатысты болған. Сөзбе сөз келтіре кетелік: "Батыс санкциясы Ресей экономикасын әлсірете алды ма?"

– Елдегі экономикалық ахуалдың санкцияның салдарына ешқандай қатысы жоқ. Өйткені Ресей билігі кез келген санкцияға қарағанда ел экономикасына зор шығын әкеп жатыр. Бұл – қылмыстың түр-түрін құрайтын бүтін жиынтық. Санкцияға дейін де мұнда өте күрделі мәселелер бой көрсеткен. Алайда ресейлік элита үшін барлығын батыстың қысымына жаба салу өте ыңғайлы боп шықты, бірақ соған қарамастан бізге барлығын өзіміз реттейміз деп өтірік айтады. Біз ештеңені де еңсере алмаймыз, өйткені Ресейде нарық инфрақұрылымдары институты әбден бүлінген, соның бастысы – тәуелсіз сот жүйесі. Ал онсыз экономика қалыпты жұмыс істей алмайды. Мемлекет жемқорлыққа белшесінен батқан, ұрлық-қарлық, мемлекеттік рэкет үдеп тұр, елден капиталдар ағылып жатыр. Қазір көптеген қалада кәсіпкерлер үшін ең басты мәселе – бизнесін ешкімге сата алмайтындығы, себебі оны сатып алуға барлығы қорқады.

Ал Батыспен енгізілген санкцияның әсеріне келетін болсақ, "Граф Монте Кристо" романындағы немересін улап тастауы мүмкін деп қорқып, оған удан аздап беріп, оның әсеріне төзімді болуды үйреткен шалдың оқиғасын білетін боларсыз. Міне, осы секілді Батыстың кішкене санкциялары Ресейді келесі дозаны да қатты ауырсынбай қабылдауына үйретіп жатыр, – деп жауап береді бұл сауалға Сатаров.

Жауапқа сәйкес тағы мынандай бір сауал туындаған...

Материалдың толық нұсқасын "Алаш айнасынан" оқи аласыздар...

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети