26 қыркүйек 2014 17:58

Ресей неге Қытайдан қауіптене бастады?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алаш айнасы иллюстрациясы Алаш айнасы иллюстрациясы

«Қытай халық республикасы Ресей Федерациясына соғыс ашуға дайындалып жатыр». Қазір көптеген ресейлік бұқаралық ақпарат құралдары осы мазмұнда мақала жазып, елді дүрліктіруде. Олардың дені Қытай тарапы Ресейдің шығыс шекарасы маңында аса үлкен қарқынмен жол салып, әскери нысандарын шоғырландыра бастағанын айтады. Бұл қаншалықты негізді пікір? «Алаш айнасы» таразыға салып көрген еді.


«Қытай халық республикасы Ресей Федерациясына соғыс ашуға дайындалып жатыр». Қазір көптеген ресейлік бұқаралық ақпарат құралдары осы мазмұнда мақала жазып, елді дүрліктіруде. Олардың дені Қытай тарапы Ресейдің шығыс шекарасы маңында аса үлкен қарқынмен жол салып, әскери нысандарын шоғырландыра бастағанын айтады. Бұл қаншалықты негізді пікір? «Алаш айнасы» таразыға салып көрген еді.

Бір күнде Қырымды өзіне қаратып алған Ресейдің күдігін жоққа шығарудан һәм растаудан аулақпыз. Десек те, Ресей үшін бүкіл мемлекетті асырап отырған қиыр шығысынан, Сібірден айрылып қалу қаупі бар екені баяғыдан айтылып келеді. Өйткені, бүгінде біріншіден санкциялар төпеуіне байланысты Ресейдегі экономикалық жағдай төмендеп барады. Екіншіден, жалпы алып державаның ғылыми, техникалық және адам тұрғысынан алғандағы әлеуеті тым әлсіреп кеткені бүкіл әлемге белгілі. Үшіншіден, мемлекет ішіндегі ішкі қайшылықтары үдей түсуде. Төртіншіден, қазба байлықтары мол һәм Ресейдің 1/3 бөлігін алып жатқан бір ғана Сібірдің өзінде мемлекет халқының бес-ақ пайызы тұрады. Яғни, бүкіл Сібір игерілмей бос жатыр деген сөз. Мұны былай қойып, Ұлбыританияның бұрынғы премьер-министрі Маргарет Тэтчердің: «Сібір сияқты алып аймақтың Ресей сияқты бір ғана мемлекетке қарағаны – әділетсіздік», – деген сөзінен-ақ, біраз жайтты аңғаруға болады.

Осындай бай Сібірге, осындай халқы аз, игерілмей жатқан Сібірге ханзуларын қайда жіберерін білмей отырған Қытайдың көз алартпауы мүмкін емес.

Алдымен ресей мамандарының пікіріне сүйенейік...

Олардың дені Ресейдің қиыр шығысы мен Сібірден айрылып қалудың мың сан деректерін тізбелеп жатыр.

Мысалы, бір ғана Цзяинь провинциясы аумағында екі үлкен автотрасса салынып, тура шекараның іргесіне тұмсық тіреп тұр.

Біріншісі Хэйхэ Цзяинь аймағындағы 114 шақырымдық, екіншісі Суйбинь Цзяинь аймағындағы 103 шақырымдық тас жолдар. Бұл екі жолдың да ашылуы 1 қазан күніне белгіленген.

Ресейдің Қытай мәселелері жөніндегі сарапшысы Александр Аладдин «Бұл соғысқа дайындықтың басты белгісі» деп мәлімдеді. Ол бұған дейін Конституциялық сотқа шағым түсіріп, Амур аралын Қытайға жалға беру келісімін қайта қарауды ұсынған болатын. Өйткені...

Материалдың толық нұсқасын "Алаш айнасынан" оқи аласыздар...

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети