27 наурыз 2015 13:14

Ресей оқу орындарына курсты жоғалтпай ауысу қазақстандықтар үшін қолжетімді болуы мүмкін

ПОДЕЛИТЬСЯ

©РИА Новости ©РИА Новости

Ресейдің жоғары оқу орындарына курсты жоғалтпастан түсуге шетел азаматтарына рұқсат берілуі мүмкін, - деп жазады "Известия" басылымы. Мемлекеттік Думаның "Әділетті Ресей" партиясы депутаттарының енгізген түзетулері әсіресе әскери қақтығыс болып жатқан Украина студенттерінің оқуын жеңілдетуді көздеп отыр. Сонымен қатар, депутаттар білім беру жүйесінің ұқсастығына байланысты бұл мүмкіндіктің ТМД елдерінің азаматтарына да берілетінін айтты.

Жаңа заң жобасы шетелдік білім беру жүйесіне сараптама жүргізіп, академиялық айырмашылықты анықтағаннан кейін РФ жоғары оқу орнының тиісті курсынан шетелдік ізденушіге орын тауып беруді ұйғарып отыр. Заң жобасы авторларының бірі Виктор Шудеговтің айтуынша, қазір бұл заңнама ресейлік жоғары оқу орындарына ауыстыру арқылы түсуді қарастырмайды. "Яғни, тек қандай да бір оқу орнынан бітіріп, дипломмен осында келгеннен кейін ғана жұмыс істеуге болады. Бірақ, студенттің ата-анасы дипломат болса немесе мамандар шетелде болса, бірнеше жылдан кейін қайта қайтуға тура келетін жағдайлар жиі кездеседі. Бұл жерде олар бізге ауыстырудың құралдары заңда қарастырылмағандығына тап болады. Дәл осындай проблема әскери қақтығыс кезінде байқалады, студенттердің өзге елдерге қашуына тура келеді - мысалы, ДХР мен ЛХР студенттері. Ал қазіргі заңда студенттерді курсын жоғалтпастан қауіпсіз аймақта орналасқан оқу орындарына ауыстыру тәртібі қарастырылмаған", - деді Шудегов.

Ал РФ Білім министрілігіндегілер өз кезегінде, шетелдік студенттерді курстарын жоғалтпастан ресейлік жоғары оқу орындарына қабылдау туралы талқылауға дайын екенін мәлімдеді. Шындығында, барлығын бірдей қабылдай бермейді, себебі кейбір елдердің жоғары білім беру сапасы ресейлік стандарттарға сәйкес келмейді, сондықтан оларды дәл сол курсқа тікелей ауыстыру мамандарды дайындау сапасына әсер етуі мүмкін. Сондықтан шенеуніктер бұл мәселенің одан арғы нәтижесі қандай болатынын максималдық түрде ескеріп барып шешу керек деп отыр.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.78   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети