20 ақпан 2014 19:15

Ресейде "Ё-мобиль" өндірісі кейінге қалдырылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Ё-мобиль". 
©РИА Новости "Ё-мобиль". ©РИА Новости

Ресейде "Ё-мобиль" аталатын гибрид көлік өндірісі анықталмаған мерзімге кейінге қалды деп хабарлайды Tengrinews.kz "РБК"-ға сілтемемен. Санкт-Петербург үкіметінің өнеркәсіп саясаты және инновациялар жөніндегі комитеті төрағасы Максим Мейксиннің мәліметінше, "Ё-мобиль" жобасы жаңа автокөлікті жасаудағы көп қаржыландыруды талап ететін қиындықтарға байланысты кейінге қалдырылады. "Өткен жылы көлікті құрастыру 2014 жылдың соңына, сериялық өндіріс 2015 жылға жоспарланған еді. Енді бұл жоспарлар біршама мерзімге шегеріледі", - деді Мейксин. Дегенмен жобамен айналысатын фирманың бас директоры Андрей Гинзбург өндірістің кейінге қалдырылатынынан бейхабар екенін мәлімдеді. Еске сала кетейік, "Ё-мобиль" гибрид көлігін Санкт-Петербург түбінде салынып жатқан зауыттан өндіру көзделген болатын. Бұрын зауыттың жылына 40 мың автокөлік өндіретін қуаты болатыны айтылған. 2015 жылы алғашқы 10 мың гибрид кроссовер шығару жоспары болған еді. Тіпті, "Ё-мобиль" машинасына 1000-ға жуық қазақстандықтың тапсырыс беріп қойғаны да хабарланған болатын.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети