10 қаңтар 2017 09:56

Ресейде 2014 жылдан кейін туғандарға темекі сатуға тыйым салынуы мүмкін - БАҚ

ПОДЕЛИТЬСЯ

© kurit-zdorovyu-vredit © kurit-zdorovyu-vredit

Ресейдің Денсаулық сақтау министрлігі 2015 жылы және одан кейін туғандарға темекі сатуды тыйым салатын жаңа антитабак концепциясын дайындады, - деп хабарлайды "Известия" газеті.


Ресейдің Денсаулық сақтау министрлігі 2015 жылы және одан кейін туғандарға темекі сатуды тыйым салатын жаңа антитабак концепциясын дайындады, - деп хабарлайды "Известия" газеті.

Табак өнімдерін қолдануға қарсы 2017-2022 жылдарға арналған мемлекеттік саясат ведомство басшысы Вероника Скворцованың тапсырысымен жасалғаны айтылады.

Жоспарға сәйкес, 2025 жылы шылым тартпайтын ресейліктердің үлесі 25 пайызы артатын көрінеді.

Сонымен, басылымның мәліметінше, 2033 жылдан бастап 2014 жылдан кейін дүниеге келгендер кәмелет жасына толса да темекі сатып ала алмайды екен. Сондай-ақ, жаңа концепцияға сәйкес, коммуналды пәтерлерде, қоғамдық көліктердің барлық түрінде, жолаушыларды халықаралық тасымалдауда, қоғамдық көлік аялдамаларында шылым шегуге тыйым салу қарастырылған.

Бұл құжат федерал ведомстволарға жөнелтілгенін жазады газет.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети