© bigmir)net
Ресейдің Алтай өңірінде аязда қалған екі жастағы баланы ит аман алып қалған, - деп хабарлайды РИА Новости.
Ресейдің Алтай өңірінде аязда қалған екі жастағы баланы ит аман алып қалған, - деп хабарлайды РИА Новости.
Қаңтар айында әйел өз ұлын от жағылмайтын дәлізге киімсіз және тамақсыз тастап, үйден кетіп қалған. Бала иттің бауырына тығылып жылынған көрінеді. Ол осылай суықта қанша күн жатқаны белгісіз. Баланы тауып алғанша оны ит жылындырған.
Әбден тоңып қалған балақайды бөгде адам байқап қалған. Қазір балаға қатты суық тигендіктен медициналық жәрдем көрсетіліп жатыр. Ал анасы үйіне баланы құтқарып алғаннан кейін төрт күн өте оралған.
Әйелге қатысты қылмыстық іс қозғалды.