22 тамыз 2018 09:40

Ресейде жолаушылар жанып жатқан ұшақ қозғалтқышын видеоға түсіріп алды

Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видеодан алынған сурет Видеодан алынған сурет

Ту-204 жолаушылар ұшағы сол жақ қозғалтқыштың жануына байланысты Уфі әуежайына шұғыл оралды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Mash Telegram арнасына сілтеме жасап. 


Ту-204 жолаушылар ұшағы сол жақ қозғалтқыштың жануына байланысты Уфі әуежайына шұғыл оралды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Mash Telegram арнасына сілтеме жасап. 

Борт жолаушыларды Сочиге апаруы керек болған, бірақ әуеге шыға салып жерге қонды. Әуежайда ұшақты жедел жәрдем мен өрт сөндірушілер күтіп алды. 

Видеода қозғалтқыш жанып жатсада, жолаушылар арасында дүрбелең болмағанын көруге болады. 

Адамдар әуе кемесінен үрмелі басқыш көмегімен эвакуацияланды. Алдын-ана мәліметтер бойынша, жолаушылар жарақат алмаған.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети