22 наурыз 2016 10:24

Ресейде құлаған Boeing: Мамандар қара жәшіктен экипаждың апат алдындағы диалогын алды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© НТВ © НТВ

Мемлекетаралық авиация комитеті Дондағы Ростовта апатқа ұшыраған ұшақтың қара жәшігін зерттеу қорытындысын бір ай ішінде жариялауды жоспарлап отыр. Бүгінде мамандар апат орнында табылған қара жәшіктен ұшқыштардың диалогын қолға түсірді, - деп хабарлайды НТВ.


Мемлекетаралық авиация комитеті Дондағы Ростовта апатқа ұшыраған ұшақтың қара жәшігін зерттеу қорытындысын бір ай ішінде жариялауды жоспарлап отыр. Бүгінде мамандар апат орнында табылған қара жәшіктен ұшқыштардың диалогын қолға түсірді, - деп хабарлайды НТВ.

Телеарнаның мәліметінше, бортта орналасқан дауыс және параметр құрылғылары апат болған уақыттан кейін бір тәулік өткенде Мәскеуге жеткізілген. Таяуда мамандар онда жазылып қалған модульді шығарды, қазіргі таңда ресейлік және франциялық мамандардан құралған команда сараптап жатыр. Қазірдің өзінде координаттарды, ұшу жылдамдығын және техникалық көрсеткіштерді секунд сайын тіркеп отыратын параметр құрылғысының лайнердің жерге соғылуына дейін жұмыс істеп тұрғаны белгілі.  

Бұл тіркеу құрылғысындағы мәліметтерді мамандар еш кедергісіз алыпты. Ал екіншісі - дыбыс құрылғысы қатты зақымдалған болып шықты, бірақ мамандар одан да мәліметтерді ала алды. Бұл аудиожазбада әуе кемесінің командирі мен екінші пилоттың және ұшақ кабинасындағы экипаждың диалогы бар.

Комитет өкілдері мамандардың әлі де көп жұмыс істеуі керектігін атап өтті, сондықтан оның қорытындысын кем дегенде үш апта күту керек болады екен. Еске салайық, әуе апаты Астана уақыты бойынша 19 наурызда сағат 6.50-де Дондағы Ростов әуежайында болды. Дубайдан ұшып келе жатқан "Боинг-737-800" ұшу-қону жолағынан 100 метр жетпей жерге құлап, бөлініп кеткен де, кейін өртенген. Ұшақ бортындағылар мен экипаж мүшелері - жалпы 62 адамның қаза болғаны айтылды.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети