04 наурыз 2018 13:36

Ресейде мұғалім сабақ үстінде оқушымен жыныстық қатынасқа түскен

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Өте нашар мұғалім" фильмінен алынған кадр "Өте нашар мұғалім" фильмінен алынған кадр

Санкт-Петербург қаласында мұғалім сабақ үстінде оқушымен жыныстық қатынасқа түскен, деп хабарлады Lenta.ru порталы "Фонтанка" басылымына сілтеме жасап.


Санкт-Петербург қаласында мұғалім сабақ үстінде оқушымен жыныстық қатынасқа түскен, деп хабарлады Lenta.ru порталы "Фонтанка" басылымына сілтеме жасап.

Порталдың хабарлауынша, мұғалім ешқайда кетпеу туралы қолхатпен босатылған, ол сабақ үстінде 15 жастағы оқушымен жыныстық қатынасқа түсіпті.

"35 жастағы мұғалімге қатысты қылмыстық іс өткен жылдың аяғында қозғалды, бірақ айып тағылған жоқ. Болған оқиғаны білген соң жасөспірімнің анасы тергеу комитетіне арыз жазған", - делінген жарияланымда.

Күдіктінің аты-жөні белгісіз. Мүғалім сабақ берген жекеменшік мектептің сайтында ол жөнінде мағлұмат жоқ, мекеменің әкімшілігіндегілер де ол жөнінде ештеңе білмейді.

Басылымның мәліметтеріне қарағанда, баланың отбасы ауқатты, оның әкесі мәскеулік мұнай компаниясында жұмыс істейді. Жасөспірім жекеменшік мектептің есебінде тұр, бірақ үйден оқиды - мұғалімдер балаға қолайлы уақытта үйіне барып, сабақ береді. Басылымның мәліметінше, бала жыныстық қатынастарын жариялап отырады және өзін кәсіби футболшымын деп таныстырады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети