19 сәуір 2019 | 15:02

Ресейде өз сыныптастарына оқ атпақ болған оқушы қыз ұсталды

Иллюстрациялық сурет

Ресейде Керчь қаласындағы атқыштың ісін қайталамақшы болған оқушы қызұсталды. Ол өз сыныптастарына ашуланғаны соншалық, сабақта отырған жерінен оқ атпақ болған, - деп хабарлайды Mk.ru.

ПОДЕЛИТЬСЯ
Иконка комментария блок соц сети

Ресейде Керчь қаласындағы атқыштың ісін қайталамақшы болған оқушы қызұсталды. Ол өз сыныптастарына ашуланғаны соншалық, сабақта отырған жерінен оқ атпақ болған, - деп хабарлайды Mk.ru.

16 жастағы оқушы қыз Мәскеудің оңтүстік бөлігіндегі мектептердің бірінде оқиды екен. Өткен сәрсенбіде ФСБ полициямен бірге оның үйіне барған. Олар қыздан мұндай қадам жасау жоспары неден пайда болғанын сұраған уақытта, оқушы бәрін де жайып салған. Қыздың айтуынша, сыныптастары 5-ші сыныптан бастап оған күн көрсетпейді екен, кез келген себеппен ұрып-соғып, киім киісіне тиісіп, мазақтайтын көрінеді. Ол бірде қатты соққы салдарынан ауруханаға да түскен екен. 2018 жылы ол Керчь қаласындағы атқыштың оқиғасын көріп, соны қайталамашы болып дайындалған. 

Реклама
Реклама

Ол әлеуметтік желіде бір парақшадан осындай атқыштар туралы мәліметтер тапқан. Сонда ол тағы екі қызбен танысып, хат алмасқан. Онда Юлия (есімі өзгертілген) 18 жасқа толғанда қарудан оқ атуды үйреніп, арнайы рұқсат қағазын алу жоспары барын айтқан. Қыздың айтуынша, ол өз қиындықтарымен бөлісетін адам болмаған соң, Желідеге "құрбыларымен" жазысқан. Анасымен бірге асханада жұмыс істейді екен, ал өгей әкесімен қарым-қатынасы онша емес көрінеді. Ол бірнеше рет анасына өгей әкесімен бірге тұрғысы келмейтінін айтқан, алайда шешесі оны естімегендей кейіп танытқан. 

Баланы да анасын да құқық қорғау органдарының есебіне алды, алайда қылмыстық іс қозғалмаған. Осы дерекке қатысты тексеру жүріп жатыр. 

"Мені неліктен есепке алғанын түсінбеймін?!, - дейді қыздың анасы. - Мен Мәскеу маңында таңның атысы күннің батысы жұмыс істеймін, сол себепті қызыма қарайтын уақытым жоқ. Қазіргі уақытта ол мектепке баруды қойды. Емтихандарға екі ай қалғанда басқа мектепке ауыстырудың себебін көріп тұрғаным жоқ. Таяуда психологқа апарамын". 


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram
Лого TengriNews мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная