18 қараша 2018 10:01

Ресейде пойыз бен автобус соқтығысты: Қазақстандықтар зардап шекті

ПОДЕЛИТЬСЯ

© saratov24.tv © saratov24.tv

Саратов облысында жүк пойызы мен автобустың соқтығысуы салдарынан Қазақстанның екі азаматы зардап шекті, - деп хабарлайды РИА Новости.


Саратов облысында жүк пойызы мен автобустың соқтығысуы салдарынан Қазақстанның екі азаматы зардап шекті, - деп хабарлайды РИА Новости.

Бұл туралы агенттікке Қазақстан Республикасының Астрахандағы елшісі Қанат Шекқалиев хабарлады.

Жол-көлік оқиғасы Саратов облысы Озинский ауданындағы реттелмеген теміржол өткелінде болған: Саратов - Ульяновск бағытындағы рейстік автобус пен жүк пойызы соқтығысты. Алдын ала болжам бойынша, автобуста болған жеті адамның бесеуі қаза тауып, екеуі зардап шеккен. Қанат Шекқалиевтің хабарлауынша, қайтыс болғандар Өзбекстан азаматтары, зардап шеккендер Қазақстан азаматтары. Облыстық денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, зардап шеккендердің біреуі аса ауыр халде, екіншісінің жағдайы тұрақты орташа. 

"Қазақстан азаматтары ауыр халде ауруханада, дәрігерлер жұмыс істеп жатыр", - деді ол.

ҚР ІІМ ТЖК нақтылауынша, автобуста 7 адам болған, олардың бесеуі - Өзбекстан, екеуі Қазақстан азаматы. Өзбекстанның бес азаматы қайтыс болып, Қазақстанның екі азаматы ауруханаға жеткізілген.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети