03 мамыр 2018 17:13

Ресейде Telegram-нан кейін Viber мессенджерін де бұғаттау қарастырылып жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

© IGate © IGate

Ресейдің байланыс министрі Николай Никифоров ФҚҚ-ға құпия белгілер кілтін бермеген жағдайда Viber мессенджері Telegram сияқты бұғатталуы мүмкін деген ойда, - деп жазады РИА Новости.


Ресейдің байланыс министрі Николай Никифоров ФҚҚ-ға құпия белгілер кілтін бермеген жағдайда Viber мессенджері Telegram сияқты бұғатталуы мүмкін деген ойда, - деп жазады РИА Новости.

16 сәуірде Роскомнадзор ФСБ-ға құпия белгілер кілтін бермегені үшін Telegram мессенджерін бұғаттай бастаған болатын. Telegram осыдан кейін Amazon және Google хостингілерін қолдана бастағандықтан, мессенджер қолданып жатқан IP-мекенжайларда да бұғат салынды. Осыған байланысты бірнеше ресурстың Ресейдегі қызметінде қиындықтар туды. 

"Бұл Федералды қауіпсіздік қызметіне (ФСБ) қатысты мәселе. Егер ФҚҚ құпия белгілер кілтіне қол жеткізе алмаса, сотқа шағымданып, ұқсас шешім шығара алады", - дейді Никифороф журналистер сұрағына жауап беріп. 

Ал РФ президентінің Интернетті дамыту бойынша кеңесшісі Герман Клименко Viber мессендежрін бұғаттау Telegram оқиғасына ұқсап, жарты жылға созылуы мүмкін екенін айтады. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети