12 ақпан 2018 16:00

Ресейде төртінші сынып оқушысы өзімен жасты баланың тамағына қайшы сұғып алған

ПОДЕЛИТЬСЯ

© vse42.ru © vse42.ru

Ресейдің Кемеров қаласындағы № 84 мектептің төртінші сынып оқушысы қатар сыныпта оқитын өзімен жасты баланың тамағына қайшы ұрған, - деп хабарлайды жергілікті БАҚ.


Ресейдің Кемеров қаласындағы № 84 мектептің төртінші сынып оқушысы қатар сыныпта оқитын өзімен жасты баланың тамағына қайшы ұрған, - деп хабарлайды жергілікті БАҚ.

Зардап шеккен баланың анасы Vse42.ru порталына берген сұхбатында ұлының досы кешкі алты шамасында қоңырау шалып, мектеп жанындағы жұмыс орнынан баратынын және келеңсіз жайттың болғанын айтқан. 

"Ұлымды көрген кезде оның үсті - қолы, мойны, күртешесінің бір бөлігі қан еді. Мен такси шақыртып, травматология пунктіне бардық", - дейді Александра. 

Медициналық орталықта балаға алғашқы көмек көрсетіліп, көпсалалы балалар ауруханасына жіберілген. Онда дәрігерлер қажетті көмек көрсеткен.  


© vse42.ru

Осыдан кейін, әйел адам полицияға барып арыз берген. Осы оқиғаға қатысты тексеру жұмыстары жүріп жатыр. 

Еске салайық, осыған дейін Кемеров мектептерінің бірінде 15 жастағы жасөспірім 13 жастағы қызды пышақпен жаралаған еді. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети