18 желтоқсан 2014 10:59

Ресейдің бай тұрғындары Лондоннан жаппай үй сатып алып жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ресейліктер жақсы көретін Avenue Road ауданындағы зәулім үй. ©telegraph.co.uk Ресейліктер жақсы көретін Avenue Road ауданындағы зәулім үй. ©telegraph.co.uk

Рубльдің құнсыздануы Ресейдің ақшалы азаматтары арасында Лондоннан жылжымайтын мүлік алу сұранысын арттырды, - деп жазады The Telegraph басылымы. РФ азаматтары жинаған қаржыларын жоғалтудан қорқып, Ұлыбритания астанасының бағалы аудандарынан жаппай баспана сатып алып жатыр.


Рубльдің құнсыздануы Ресейдің ақшалы азаматтары арасында Лондоннан жылжымайтын мүлік алу сұранысын арттырды, - деп жазады The Telegraph басылымы. РФ азаматтары жинаған қаржыларын жоғалтудан қорқып, Ұлыбритания астанасының бағалы аудандарынан жаппай баспана сатып алып жатыр.

Басылымның хабарлауынша, ресейлік клиенттер жылжымайтын мүлікке 20 миллион фунттан аса қаржы жұмсауға мәжбүр. Сатып алушылардың кейбірі Лондонның орталығындағы баспана үшін 100 миллион фунт беруге дайын. Дәулетті ресейліктердің Белгравия, Найтсбридж, Мейфэр және Риджентс-саябағы аудандары мен Кенсингтон Палас Гарденс көшесінде орналасқан тұрғын үй кешендеріндегі баспаналарға деген сұранысы ерекше. "Бұрын олар Лондоннан үйді өздері тұру үшін сатып алатын, қазір коммерциялық мақсатта сатып алынып жатыр, оларды жалға беруге және коммерциялық жылжымайтын мүлік ретінде қолдануға болатын баспаналар қызықтырады. Бұрын мұндай болмаған", - дейді агенттіктердің бірінің қызметкері.

"Газета.RU" порталының хабарлауынша, бұған дейін Ресей Мемлекеттік Думасының экс-депутаты Геннадий Гудковтың Лондоннан 2,5 миллион фунтқа қымбат жылжымайтын мүлік сатып алғаны мәлім болған. Парламент мүшесінің айтуынша, ол баспананы өзі тұру үшін емес тиімді жолмен қайта сату үшін сатып алған. Еске сала кетейік, 15 және 16 желтоқсанда рубль бағамы төмендеп, сейсенбі күні күндіз биржадағы еуроның бағасы шарықтап кетті, еуро бағамы - 100,74 рубльге, доллар - 80,10 рубльге дейін жетті. Ал 17 желтоқсан күні кешке доллар - 61 рубльден, еуро - 76 рубльден төмен бағаға түсті.  

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети