Ресейдің Түркиядағы елшісін өлтірген адам осыған дейін Ресей елшілігін күзеткен - БАҚ

20 Желтоқсан 2016, 16:59
0
Ресейдің Түркиядағы елшісін өлтірген адам осыған дейін Ресей елшілігін күзеткен - БАҚ - © AP
© AP

Ресейдің Түркиядағы елшісі Андрей Карловты өлтірген түрік полицейі Мевлют Мерт Алтынташ осыған дейін Анкарадағы Ресей Федерациясының елшілігін күзеткен - деп хабарлайды РИА Новости NTV телеарнасына сілтеме жасап.

Құқық қорғау органдарының мәліметінше, Мевлют Мерт Алтынташ Ресей елшілігінің күзетінде жүрген. 

Еске салайық, Ресейдің Түркиядағы елшісіне шабуыл Түркия астанасындағы заманауи өнер орталығындағы көрменің ашылу салтанатында жасалды. Куәгерлердің айтуынша, мекемеге қарулы адам кіріп келіп, дипломаттың артынан оқ атқан. 62 жастағы дипломатқа мінберде сөз сөз сөйлеп тұрғанда жасалған. Полицейлер оған шабуыл жасаған адамның көзін жойды. Бұл оқиғаны түрік телеарнасы тікелей эфирде көрсетіп жатқан. Кейін ҚР СІМ Ресейдің Түркиядағы елшісі Андрей Карловқа жасалған қастандық туралы пікір білдірді.

Кейінірек Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ресейдің Түркиядағы елшісінің қазасына көңіл айтқан болатын.


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай