07 наурыз 2019 17:53

Ресейлік шоумен "Брат-3" фильміне кімдер түсуі мүмкін екенін айтты

Дина Муратова Редактор

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Фото: РИА Новости © Фото: РИА Новости

Шоумен Стас Барецкий "Брат-3". Младший" фильмін түсіруді жоспарлап жатыр, - деп хабарлайды РИА Новости.


Шоумен Стас Барецкий "Брат-3". Младший" фильмін түсіруді жоспарлап жатыр, - деп хабарлайды РИА Новости.

Оның айтуынша, фильмнің басты рөлдерін Вячеслав Дацик (Рыжий Тарзан атымен танымал ресейлік аралас жекпе-жек шебері және тай боксшысы) мен Никита Джигурда сомдайды. Оған қоса түсірілімге балет әртісі Анастасия Волочкова және қолының үлкен бұлшық етімен Интернетте танымал болған Кирилл Терешин (Руки-базуки) келісіміндерін берген. Барецкий  "Ленинград" тобының жетекшісі Сергей Шнуров фильмге саундтрек жазуға кірісіп кеткенін мәлімдеді.

"Шнуров өз келісімін берді. Мен Шевчукке танысы арқылы жүгінгем. Юрий Юлианович мінезі ауыр адам, бірақ оның өлеңдері сәтті шығады. Бұл фильмде музыка көп болады. Алдыңғы фильмдер секілді әртүрлі болмақшы", - деді Барецкий.

Сонымен қатар Шоумен рэпер Птаха бұл фильмге қызығушылығын білдіргенін айтты.

"Рэпер Птаха қатысқысы келетінін айтты. Енді біз ән жайлы ақылдасамыз. Мүмкін оны бір эпизодта түсіреміз", - деді агенттіктің өкілі.  

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Не до смеха. Место Сергея Бодрова в новом "Брате" займёт "мега-звезда "синтолового шоу-бизнеса" Кирилл "Руки-базуки": https://life.ru/1198855 #рукибазуки #кириллтерешинсинтол #брат3 #кастингбрат3 #live #продюсерский_центр_стасабарецкого_20_20 #брат #братюня???? #продюсерстасбарецкий #кино???? #режисёр #продюсер #блокбастер #боевики #экшнкамера #комедии #ужасы #жестьвидео #шок #шоумен #премьера2019 #путин #бузоваольга #модныйлук #топ #новости #вести #известия #сми.

Публикация от Стас Барецкий (@stas_bareckiy)

Сергей Бодровтың бұрынғы жары Светлана фильмге қатысты пікір білдірмеді. Алексей Балабановтың "Брат" және"Брат-2" фильмдерінің продюсері Сергей Сельянов Барецкийдің бұл жоспарын өзіне назар аударту үшін жасалып жатқанын айтты. Продюсер Барецкиге осы ісі үшін оның үстіне сотқа арызданаты жайлы әлі айтпаған. Барецкий болса Балабановтың бұл фильмінің жалғасын түсіру үшін оған ешқандай автордың рұқсаты керек еместігін мәлімдеді. 

Стас Барецкий ресейлік шоумен және әнші. 2005-2008 жылдары "Ленинград" тобында өнер көрсеткен. "Елочные игрушки" тобымен қосылып жеті жеке альбом шығарған. 2013 жылы оның жерлеу қызметі агенттігінде қызметкер екені хабарланған.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети