07 ақпан 2015 20:11

Саддам Хусейнді дарға асуға қолданылған арқан саудаға шығарылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Саддам Хусейнді дарға асу сәті. Фото rus.delfi.ee сайтынан Саддам Хусейнді дарға асу сәті. Фото rus.delfi.ee сайтынан

Ирактың бұрынғы президенті Саддам Хусейнді дарға асуға қолданылған арқан жеті миллион долларға сатылуы мүмкін. Жәдігерге ұсынылып отырған ең жоғарғы сома әзірше осындай, - деп хабарлайды The Daily Mail.


Ирактың бұрынғы президенті Саддам Хусейнді дарға асуға қолданылған арқан жеті миллион долларға сатылуы мүмкін. Жәдігерге ұсынылып отырған ең жоғарғы сома әзірше осындай, - деп хабарлайды The Daily Mail.

Қазіргі уақытта арқан Ирактың ұлттық қауіпсіздік жөніндегі бұрынғы кеңесшісі Муваффак әл-Рубайидің меншігінде. Басылымның мәліметінше, коллекционерлер одан өлім жазасы қаруын сатып алу үшін өзара кәдімгідей тайталас туғызған. Бәссаудаға Кувейттің екі кәсіпкері, Израильдің бір дәулетті азаматы және Иранның бір діни ұйымы қатысып жатыр. әл-Рубайи арқанды сатып алуға қатысты басқа да тиімді ұсыныс болуы мүмкін деп отыр.

Саддам Хусейн режимі 2003 жылдың сәуір айында Американың араласуымен құлатылған болатын, бірақ Хусейн жылдың соңына дейін жасырынып жүрді. 2006 жылы ол адамзатқа қарсы қылмыстарды жасауға айыпты деп танылып, дарға асу жазасына кесілді. Cот үкімі 2006 жылдың 30 желтоқсаны күні орындалды. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.49   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети