Санкт-Петербург метросында қаза тапқан адамдардың соңғы суреттері жарияланды

05 Сәуір 2017, 17:22
0
Санкт-Петербург метросында қаза тапқан адамдардың соңғы суреттері жарияланды - видеодан үзінді
видеодан үзінді

Бүгінде Санкт-Петербург метросында болған жарылыстан қаза болғандардың саны 14-ке жетті, 11 адам оқиға орнында қаза тапты, ал үшеуі ауруханада жатып қайтыс болды. Қазіргі уақытта 49 адам ауруханада жатыр. Тергеу комитеті қаза болған он адамның тізімін берді. Қайғылы оқиғаның құрбаны болғандар жақсы, жас әрі талантты адамдар болған. Бұл туралы олардың әлеуметтік желіге жүктеген суреттері, жазбалары достары мен туыстары айтып отыр. L!FE.ru порталы терактіден қаза болған он адамның соңғы суреттерін жариялады. Видеоны мына жерден көре аласыз. 

Санкт-Петербургтегі терактіден отандасымыз 21 жастағы Максим Арышев қаза тапты. Осыған дейін қазақстандықтың достары Максим Арышев туралы айтып берген еді. Максимның достары Санкт-Петербург метросында ескерткіш тақта орнатып береді. Бұл туралы қаза тапқан студенттің досы Рома Зеделашвили әлеуметтік желілерде жазды.  

Сонымен қатар, терактінің салдарынан зардап шеккендер мен жалпы Санкт-Петербург тұрғындарын қолдау мақсатын Ресейдің танымал жұлдыздары "#ПИТЕРнадоЖИТЬ" сөзін айтып, видео түсірген.

Жарылыс метроның екі бекетінде болған - "Сенная площадь" және "Технологический институт". Екі жарылыстан зардап шеккендер арасында балалардың бары да анықталған. Құтқарушылар жолаушыларды эвакуациялады.

Ресейдің Федералды қауіпсіздік бюросының алдын ала нұсқасы бойынша, Санкт-Петербург метросында терактіні ұйымдастырған 1995 жылғы Акбаржон Джалилов. Қырғызстан Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитеті оның Ош қаласының тумасы екенін растап берді. 


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай