06 қыркүйек 2018 09:26

"Сен үшін ұялмаймын". Оқушы бала түрмеге экскурсия барысында әкесін кездейсоқ кездестіріп қалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© facebook.com/Arom Khunmoung © facebook.com/Arom Khunmoung

Тайландта мектеп оқушысы түрмеге экскурсия барысында әкесін кездейсоқ кездестіріп қалды. Бұл туралы осы сапарды ұйымдастырушы Арон Хунмун айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.

Бір-бірін көрген бала мен ер адам жылап жіберген. Мектеп оқушысы сол сәтте мұғалімінен әкесімен сөйлесуге рұқсат беруін сұраған. Күзетшілер баланы әкесіне жіберіп, бала оның құшағына енген. Әкесі болса жылап, ұлы мен сыныптастарының алдында ұялып тұрғанын айтып, жақсы адам боламын деп уәде берген.

Ал баласы "Мен сен үшін ұялмаймын" деп жауап берген.

© facebook.com/Arom Khunmoung

Ұйымдастырушы Арон Хунмун осындай кездесудің бостандықты бағаламай жүрген адамдарға сабақ болуы керектігін айтады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети