10 қараша 2017 10:45

Серфингші гиганттық толқынды бағындырамын деп омыртқасын сындырды

ПОДЕЛИТЬСЯ

видеодан үзінді видеодан үзінді

Ұлыбританиялық серфингші Эндрю Коттон 15 метрлік толқынды бағындырамын деп омыртқасын сындырып алды. Кейінірек спортшы құлаған сәтінің видеосын Instagram желісінде жариялады. 


Ұлыбританиялық серфингші Эндрю Коттон 15 метрлік толқынды бағындырамын деп омыртқасын сындырып алды. Кейінірек спортшы құлаған сәтінің видеосын Instagram желісінде жариялады. 

РИА Новости мәліметінше, оқиға 8 қарашада Португалия жағалауында 2011 жылы 23,77 метрлік толқынды бағындырған Гаррет МакНамараның осы серфинг спортына қайтып келуіне байланысты ұйымдастырылған шара барысында болған. Видеода алып толқынның серфингшіні басып қалғанын көруге болады. 

Осы оқиғадан соң, ер адамды дереу ауруханаға жеткізген. Оның омыртқасы сынғаны анықталды. Соған қарамастан Коттон серфингке қайтып оралатынын мәлімдеді.   

 

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети