Шанхайда тұрақта тұрған Tesla автокөлігі жарылды - Видео

22 Сәуір, 19:34
0
Шанхайда тұрақта тұрған Tesla автокөлігі жарылды - Видео - видеодан үзінді
видеодан үзінді

21 сәуірде кешкі уақытта Шанхайда жабық тұрақта тұрған Tesla Moldel S автокөлігі өздігінен жанып, артынша жарылды. Жарылыс салдарынан жанында тұрған автокөліктер де бүлінді, - деп хабарлайды Hi-News.ru.

Бейнебақылау камералары түсірген видео Weibo әлеуметтік желісінде жарияланды. 

Tesla компаниясы оқиғаның неден болғанын тексеріп жатыр. Тексерудің нәтижесінде егер ақау компанияның ағаттығынан болса Қытайда осы компанияның көліктерінің сатылымы айтарлықтай түсіп кететіні сөззсіз. 

"Біз дереу оқиға орнына команда жібердік. Қазіргі уақытта біз тек ешкімнің зардап шекпегенін білеміз", - деді компания өкілдері. 

Tesla компаниясының өкілдері бұл автомобильдердің басқа көліктерге қарағанда өртеніп кету жағдайы он есе аз екенін ескертті. Компания 500 мыңға жуық автокөлік шығарған. 

Айта кетейік, 2013 жылдан бері бүгінге дейін Tesla компаниясының 14 көлігі өртенген, алайда олардың көбі жол апатынан кейін болған жағдайлар. 

Получить короткую ссылку


  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай