28 қыркүйек 2015 12:09

Шекарашылар шетелден келген педофилдерді Қазақстанға кіргізбейтін болады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© 1000ideas.ru © 1000ideas.ru

ТМД-дағы зорлықшылар мен педофилдер туралы мағлұматтарды Қазақстан келесі жылдан бастап алатын болады. Бұл туралы Қазақстан Бас прокурорының орынбасары Андрей Кравченко мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


ТМД-дағы зорлықшылар мен педофилдер туралы мағлұматтарды Қазақстан келесі жылдан бастап алатын болады. Бұл туралы Қазақстан Бас прокурорының орынбасары Андрей Кравченко мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Мұны істеу өте оңай. ТМД бойынша ақпараттарды біз келесі жылдан бастап алатын боламыз. Біз барлығын талдап қойдық. Түсінікті механизм бар, себебі өзге елдерде қылмыс жасаған адамдар үшін, қолда тиісті ақпарат болса, шекараны жабу өте оңай. Сондықтан қазір әріптестерімізбен жұмыс істеп, сондай қылмыс жасағандар туралы мағлұматтар базасына, ақпараттарға қол жеткізу үшін еңбектеніп жатырмыз. Егер олар біздің шекараға келетін болса, шекарашылар ол адамдарды көріп, олар елімізге кірмейтін болады. Біз үшін ең бастысы шет мемлекеттердегі әріптестерден мағлұматтар базасын алу", - деді Кравченко, журналистердің педофилдерді елге кіргізбеудің қай кезден бастап жүзеге асырылатыны туралы сұрақтарына жауап беріп.

Сонымен қатар, ол шекарашылардың ондай адамдарды себебін түсіндірместен өткізбеуге құқылы екендерін айтты. "Олар жай ғана өткізбей қояды. Себебін де түсіндірмесе болады, олар қолдағы ақпараттарына негізделеді. Мұның визасы бар Қазақстан азаматтарына қатысы жоқ. Ол сондай қылмысқа қатысты күдік тудыратын немесе бір кездері Қазақстаннан қуылған, шетелде қылмыс жасап, біздің елде де сол қылмысын жүзеге асырады деген күдік бар адамдарға қатысты", - деді Бас прокурордың орынбасары.

Оның айтуынша, қазір Қазақстан мұндай ақпараттарды Интерполдан алады. Айта кетейік, бұған дейін сексуалдық мәндегі қылмыс түрін жасағандардың мағлұматтар базасын құру туралы премьер-министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаев айтқан болатын.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети