17 қазан 2017 16:25

Шешесі өз балаларын пешке жағып жіберіп, видеочат арқылы әкесіне көрсеткен

ПОДЕЛИТЬСЯ

© rusvesna.su © rusvesna.su

Көпбалалы әйел ұлдарын тірідей пешке жағып жіберген, - деп хабарлайды Life.ru порталы The Atlanta Journal-Constitution сайтына сілтеме жасап.


Көпбалалы әйел ұлдарын тірідей пешке жағып жіберген, - деп хабарлайды Life.ru порталы The Atlanta Journal-Constitution сайтына сілтеме жасап.

Оқиға АҚШ-тың Джордия штатындағы Атланта қаласында болған. Психикалық ауытқушылығы бар көпбалалы ана бір және екі жастағы ұлдарын ас әзірлеуге арналған пешке салып, тірідей пісіріп тастаған. Осыдан кейін әйел балалардың әкесіне видеочат арқылы олардың өлі денесін көрсеткен. Бұл жұптың тағы екі баласы болған, абырой болғанда, олар зардап шекпеді. 

Басылымның жазуынша, әйелдің психикалық ауытқушылығы әкесінің көз жұмғанынан кейін және төрт баланың дүниеге келуінен кейін күшейіп кеткен. Бір ай бұрын ол балаларына қараушы таппағандықтан жұмысынан кетуге мәжбүр болған. 

Әйел өзінің кінәсін мойындамай отыр. Ол балаларды таныстарымен бірге тастап кеткенін, ал кейін балаларды өлі күйде тауып алғанын айтқан. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети