11 ақпан 2015 09:16

Сиднейде лаңкестік жасауды жоспарлаған күдіктілер ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©REUTERS ©REUTERS

Австралияда лаңкестікпен күрес жөніндегі полиция бөлімінің қызметкерлері таяу уақытта шабуыл жасауды жоспарлаған екі ер адамды ұстады, - деп хабарлайды BBC News.


Австралияда лаңкестікпен күрес жөніндегі полиция бөлімінің қызметкерлері таяу уақытта шабуыл жасауды жоспарлаған екі ер адамды ұстады, - деп хабарлайды BBC News.

24 және 26 жастағы екі азаматтан аңшылыққа арналған пышақ пен "Ислам мемлекеті" тобының туы тәркіленді. Күдіктілер тұрып жатқан үйде олардың "Ислам мемлекеті" содырларымен байланысқа түскенін айғақтайтын бейнетаспа табылды. Жазбада күдіктілердің бірі жоспарланған шабуылдың егжей-тегжейін түсіндіріп жатқаны бейнеленген. Күдіктілер сот алдына 11 ақпанда келеді.  

Полиция өкілдері соңғы айларда Австралиядағы көптеген лаңкестіктің алдын алғанын атап өтті. Мәселен, қыркүйек айында көшеде бір адамды ұстап алып, басын кеспек болған ер адамды ұсталды. 

Австралияда 15 желтоқсанда бір қарулы ер адамның Lindt дүкен-кафесінің қызметкерлерін және 17 қонағын кепілге алғаны жайлы оқиғадан кейін елде полицияға жоғары деңгейдегі дайындық режимі енгізілді. Күдіктілер кепілге алынған адамдарды терезелерге араб тіліндегі жазуы бар туды іліп тұруға мәжбүрледі. Арнайы операция кезінде күдіктімен қосқанда 3 адам қаза тауып, алты адам жарақат алды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети