23 мамыр 2016 16:08

Сирияда болған бірнеше жарылыстың салдарынан 60-тан аса адам қаза болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© REUTERS © REUTERS

Сирияның Джабла мен Тартус қалаларында болған лаңкестік әрекеттердің салдарынан 65 адам қаза болды, - деп хабарлайды РИА Новости. Нақтырақ айтсақ, Джабла қаласындағы Латакия аумағында болған төрт жарылыстан 45-тен аса адам қаза тапты.

Полицейлердің болжамынша, үш жарылыс автобекетте болған. Қызметкерлердің айтуынша, бірінші жарылыс тұрақтың орталық кіреберісінде болған. Екі жанкешті автобекет аумағында өздерін жарып жіберген. Біреуі өзін мемлекеттік энергетикалық компания ғимаратының маңында жарған.

Бірнеше минут өткен соң Тартустағы автобекет пен қарсы орналасқан тұрғын үйде де үш лаңкестік әрекет болғаны анықталды. Онда 20 адам қаза тауып, ондаған адам жарақат алған. Полиция қызметкерлері мен әскерилер лаңкестік әрекет болған аудандарды қоршауға алды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети