30 наурыз 2014 10:34

Словакиядағы президенттік сайлауда бизнесмен Киска жеңіске жетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Андрей Киска. Сурет: ntv.ru Андрей Киска. Сурет: ntv.ru

Словакияның президенттік сайлауында тәуелсіз кандидат Андрей Киска жеңіске жетті, - деп хабарлайды tengrinews.kz сайты РИА Новости сайтына сілтеме жасап. 


Словакияның президенттік сайлауында тәуелсіз кандидат Андрей Киска жеңіске жетті, - деп хабарлайды tengrinews.kz сайты РИА Новости сайтына сілтеме жасап. 

Словакия президентігіне үміткер қазіргі премьер-министр Роберт Фицо өзінің жеңілгенін мойындаған.  "Маған дауыс беріп, президенттік мандат алып бергені үшін сайлаушыларға алғыс білдіремін. Мен барлық словактарға ортақ президент болатынымды уәде еткенмін, сол уәдемді орындаймын. Біздің саясатымызды жақсартып, саясатты адамдық тұрғыда жүргізетін боламын, - деді Киска сайлаушылар штабында өткен баспасөз мәслихатында. 

Словакия орталық сайлау комиссиясының хабарлауынша сайлауға тұрғындардың 96,77 пайызы қатысқан. Тәуелсіз кандидат, түрлі қайырымдылық шараларын ұйымдастырушы, кәсіпкер Андрей Киска 59,45 пайыз дауыс жинаған. Ал, екінші орынға қазіргі Словакияның премьер-министрі, Smer-SD социал-демократиялық партиясының жетекшісі Роберт Фицо 40,54 пайыз дауыспен ие болды.  

Андрей Киска1963 жылы 2 ақпан күні Попрад қаласында дүниеген келген. Братиславтағы Словакия техникалық университетінің электро-техникалық факультетін тамамдаған. Киска солвак жұртшылығына кәсіпкерлігімен және қайырымдылығымен танымал. Ол "Қайырымды періште" атты науқас балаларға көмек беретін орталық құрып, сәбилерге қол ұшын созып келеді. Сондай-ақ, Андрей Киска екі рет үйленген, төрт баласы бар. 

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети