26 маусым 2015 09:23

Сочи толассыз нөсердің салдарынан су астында қалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© РИА Новости © РИА Новости

Ресейдің Сочи қаласында жауған толассыз нөсер су тасқынына ұласты, - деп хабарлайды РИА Новости.


Ресейдің Сочи қаласында жауған толассыз нөсер су тасқынына ұласты, - деп хабарлайды РИА Новости.

Бір адам қаза тапты, ер адамның денесі судан табылды. Оның қаза болу себебін полицейлер анықтап жатыр. 400-ден астам үй суға кетіп, қауіпті аймақтан 20 отбасы эвакуацияланды.

Табиғи апаттың салдарын жоюға 1,7 мың адам мен 138 техника жұмылдырылды. Келген шығынды анықтаумен 47 жедел топ айналысып жатыр.

Толассыз нөсер Сочи қаласында бейсенбіге қараған түні басталып, күні бойы жауған. Қаладағы нөсерге арналған канализация жүйесіне су толып, көшелер, үйлер мен жолдар су астында қалды. Кей ауданның тұрғындарына құтқарушылар көмектесті. Адлерский ауданы мен Хостигский ауданының Кудепста ықшамауданында ТЖ режимі жарияланды.

 
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.15   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети