02 наурыз 2014 21:01

Сочиде өтетін G8 саммитінен төрт мемлекет бас тартты

ПОДЕЛИТЬСЯ

©РИА Новости ©РИА Новости

АҚШ, Канада мен Францияның ізін ала Ұлыбритания да маусым айында Сочиде өтуі тиіс "Үлкен сегіздік" саммитіне қатысуға дайындықты тоқтататынын мәлімдеді деп хабарлайды Tengrinews.kz "РИА Новости"-ге сілтеме жасап. "Ұлыбритания осы аптада биыл Ресей төрағалық етіп отырған G8 шеңберіндегі жұмысты тоқтатып жатқан елдерге қосылады. Соның ішінде, Британия осы аптаға жоспарланған саммитке дайындық жөніндегі кездесулерге қатыспайды", - деді Біріккен Корольдік Сыртқы істер министрі Уильям Хейг. Оның сөзін Sky News телеарнасы таратты. Хейг мұндай мәлімдемені Киевке украин жетекшілерімен кездесуге келгеннен кейін жасап отыр. Бұған дейін Ресейдің Украинаға интервенциясына наразылық ретінде "Үлкен сегіздік" саммитіне қатысуға дайындықты тоқтататынын АҚШ, Канада және Франция мәлімдеген еді. Еске сала кетейік, 1 наурыз күні РФ Федерация кеңесі мемлекет басшысының Украинаға қарулы күштерді кіргізуіне келісім беруге бірауыздан дауыс берген еді. Сыртқы істер министрі Григорий Карасин сенаторлардың бұл ұсынысты мақұлдауы президент бұл құқықты бірден іске асырады деген сөз емес деп мәлімдеді. Дегенмен 2 ақпанға қараған түні АҚШ Президенті Барак Обамамен телефон арқылы әңгімелескен Владимир Путин егер Украинаның шығысы мен Қырымға қысым көрсетілетін болса, Мәскеу ол өңірдегі орыстілді халықтың мүддесін қорғайтынын тағы атап өтті. Айта кетейік, 2014 жылдың 4-5 маусымында Сочиде G8 (Ұлыбритания, Германия, Франция, Италия, Канада, Ресей, АҚШ, Жапония) жетекшілерінің 40-шы - мерейтойлық саммиті жоспарланып отырған еді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети