Сочиде XXII Қысқы Олимпиада ойындары жабылды

24 Ақпан 2014, 08:32
0
Сочиде XXII Қысқы Олимпиада ойындары жабылды -  ©REUTERS
©REUTERS
Сочиде 2014 жылғы Қысқы Олимпиада ойындарының салтанатты жабылуы абыройлы өтті деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Салтанатты шараны "Фишт" стадионында 40 мың көрермен тамашалады. Бұл жолы ешқандай олқылық болмады, ұйымдастырушылар бес шығыршық жарқырайтын эпизодты техниканың көмегімен емес, жылтырақ костюм киген адамдардың әрекетімен көрсетті. Олимпиаданың ашылу салтанатында бір шығыршықтың жанбай қалған сәтін еске салуды да ұмытпады.

Олимпиада алауы жағылатын сәт көпшіліктің қимастық сезімін туғызды. Сочи Ойындары бойтұмарларының бірі - ақ қонжық Мәскеу Олимпиадасындағы аюды еске ала отырып алауды өшірді, көзіне жас алды. Бұл кезде Эдуард Артемьевтің Никита Михалковтың "Свой среди чужих, чужой среди своих" фильміне жазған әуені мен Александра Пахмутованың "До свидания, Москва" әнінің үзінділері естілді.

Салтанатты шара барысында құрама атлеттер тағы да шерулетіп өтті. Олимпиада отаны - Грекияның туы көтеріліп, әнұраны ойналды. Олимпиаданың өз туы да шарықтап, әнұраны естілді. Бұл ту келесі Қысқы Ойындарды өткізуші Оңтүстік Кореяның Пхенчхан қаласына табыс етілді.

XXII Қысқы Ойындарда Қазақстан құрамасы 26-орынды иеленді. Еліміздің еншісінде мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен жеңіп алған бір ғана қола медаль бар. Ойындардың медальдық кестесінде Ресей құрамасы көш бастады - 13 алтын, 11 күміс және 9 қола медаль. Жүлде саны мен алтын медаль жөнінен Ресей Федерациясы кезіндегі КСРО құрамасының рекордын жаңартты.



  • Подписаться на канал новостей TengriNews:

  • Google News
  • Yandex News
  • Yandex Zen

Нравится Поделиться
Пікір қалдырыңыз
Оқылып жатыр
Талқыланып жатыр
Бүгін
Апта
Ай