19 ақпан 2016 15:38

Солтүстік Осетия басшысы қайтыс болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© 163gorod.ru © 163gorod.ru

Мәскеуде Cолтүстік Осетия басшысы Тамерлан Агузаров қайтыс болды, - деп хабарлайды РИА Новости.


Мәскеуде Cолтүстік Осетия басшысы Тамерлан Агузаров қайтыс болды, - деп хабарлайды РИА Новости.

"Бүгін елордадағы емханалардың бірінде Солтүстік Осетия-Алания Республикасы басшысы Тамерлан Кимович Агузаров қайтыс болды", - делінген Солтүстік Осетия әкімшілігінің сайтындағы хабарламада. Агузаровтың нақты қай уақытта қайтыс болғаны айтылмаған.

Айта кетейік, Агузаров бірнеше күн бұрын Мәскеу емханаларының біріне өкпе қабынуы диагнозымен түскен еді. Сонымен қатар, ақпарат құралдары оның комада жатқанын хабарлады. Дегенмен бұл ақпарат кейін жоққа шығарылды.

Тамерлан Агузаров Солтүстік Осетия басшысы болып 2015 жылдың 13 қыркүйегінде тағайындалды. Оған парламент депутаттарының басым бөлігі дауыс берген болатын. Бұған дейін ол Солтүстік Осетия Жоғарғы сотының төрағасы болды, сонымен қатар "Единая Россия" партиясы атынан РВ Госдумасының депутаты болып сайланды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети