16 қыркүйек 2021 11:34

SpaceX алғаш рет ғарышқа туристер отырған зымыран жіберді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видео кадры Видео кадры

SpaceX компаниясының Falcon 9 зымыран тасығышы Флорида штатындағы Канаверал ғарыш айлағынан ұшты, ол тарихта алғашқы рет экипажда кәсіпқой ғарышкерлер емес, қарапайым қызметкерлер отырған Crew Dragon кемесін орбитаға шығарады, - деп хабарлайды РИА Новости.


SpaceX компаниясының Falcon 9 зымыран тасығышы Флорида штатындағы Канаверал ғарыш айлағынан ұшты, ол тарихта алғашқы рет экипажда кәсіпқой ғарышкерлер емес, қарапайым қызметкерлер отырған Crew Dragon кемесін орбитаға шығарады, - деп хабарлайды РИА Новости.

SpaceX компаниясы ұшу сәтін тікелей эфирде көрсетіп жатыр.

Канавералдағы ғарыш айлағынан зымыран ұшыруға нұсқау сәрсенбіде АҚШ-тың шығыс жағалауы уақытымен 20.03-те (Нұр-Сұлтан уақытымен 06.03-те) берілді.

Тарихта алғаш рет орбитаға ғарышкерлер емес, туристерден жиналған экипаж жіберілді. Кемеде төрт адам бар - экипаж командирі және ұшуға демеушілік көрсеткен бизнесмен Джаред Исаакман, зерттеуші Сиан Проктор, дәрігер Хейли Арсенокс және АҚШ әскери-әуе күштерінің ардагері Кристофер Семброски.

Кеме Жерге жақын орбитада үш күн өткізеді деп жоспарланып отыр, кейін Жерге оралады. Ұшу барысында кәсіби емес ғарышкерлер ғылыми тәжірибелер жүргізеді деп жоспарланған.

Inspiration 4 деп аталатын бұл миссия балалардың онкологиялық ауруларын емдейтін St. Jude Children's Research Hospital ауруханасына қаржы жинауға бағытталған. Экипаж мүшелерінің бірі, 29 жастағы Арсеноксқа 10 жасында сол аяқтың остеосаркомасы диагнозы қойылған. Арсенокс 12 химиотерапия алған және тізе мен жамбас бөлігін алып тастау үшін бірнеше ота жасатқан. Бүгінгі таңда Арсенокс ғарышта болған ең жас америкалық атанды, оның орны "Үміт" деп аталады. Кемедегі қалған орындардың атауы - "Көшбасшылық", "Жомарттық" және "Өркендеу".

Бұған дейін біз америкалық Orbite компаниясы аэронавтика мен бес жұлдызды қызмет көрсетуді біріктіріп, АҚШ-та алғашғы ғарыш лагерін ашуға шешім шығарғанын жазған болатынбыз.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети