18 тамыз 2014 11:38

Степан Бандераның қабірі қорланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото @PavloKlimkin Фото @PavloKlimkin

Германияның Мюнхен қаласында белгісіз біреулер Степан Бандераның қабірін қорлап кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz Украинаның сыртқы істер министрі Павел Климкиннің Twitter-дегі парақшасына сілтеме жасап. 


Германияның Мюнхен қаласында белгісіз біреулер Степан Бандераның қабірін қорлап кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz Украинаның сыртқы істер министрі Павел Климкиннің Twitter-дегі парақшасына сілтеме жасап. 

"Бандераның бейітін жарған жоқ. Вандалдар кресті сындырып, моланы қазып тастады", - деп жазды Павел Климкин. Украинаның бірқатар бұқаралық ақпарат құралдарында Бандераның бейітін жарып тастады деген хабар тараған болатын. Алайда неміс полициясы ол ақпаратты жоққа шығарды.  

Айта кетейік, Степан Бандера 1940 жылдары украин ұлтшылдары ұйымын басқарды, бұл қозғалыс Ұлы Отан соғысы кезінде фашистермен де, кеңес әскерімен де соғысты. Ал соғыс аяқталғаннан кейін нацистердің жағына шықты. 1959 жылы Мюнхен қаласында оны КСРО мемлекеттік қауіпсіздік министрлігінің агенті өлтіріп кетті. 

2010 жылы Украинаның бұрыңғы президенті Виктор Ющенко Степан Бандераға Украина Қаһарманы атағын беру туралы жарлыққа қол қойды. Оның бұл шешімі халық арасында наразылық туғызды. Кейін сот бұл жарлықтың күшін жойды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети