04 қараша 2015 19:05

Судандағы АН-12 апатынан 39 адам қаза тапты

ПОДЕЛИТЬСЯ

© bbc.co.uk © bbc.co.uk

Судандағы АН-12 апатынан 39 адам қаза тапты, - деп хабарлайды РИА Новости. Бұл санға экипаждың алты мүшесі мен ауылдың 21 тұрғыны кіреді. Бұл туралы ресейлік күш құрылымдарындағы дереккөз хабарлаған. Осыған дейін АН-12 жүк ұшағының бортында 25 адамның болғаны хабарланған болатын. 

Дереккөздің мәліметінше, қаза болғандардың ішінде Ресейдің бір азаматы бар. Сонымен қатар, экипаждың бес мүшесі, алдын ала болжам бойынша, Армения азаматтары. Мұнымен бірге, ұшақтың құлаған ауылындағы 21 адамның қаза болғаны белгілі болып отыр. 

Еске салайық, Оңтүстік Суданда 25 адамы бар ресейлік жүк ұшағының құлағаны жайлы бүгін белгілі болды. Бұл ақпаратты Судан президентінің әкімшілігі ақпаратты растады. Бортта 25 адам болған. Екі адамның тірі қалғаны анықталды: бір ересек, бір бала. South Sudan Tribune басылымы ұшақта экипаждың бес мүшесі және жеті жолаушының болғанын хабарлады. Жергілікті басылымның мәліметінше, апат Оңтүстік Суданның астанасы Джуба қаласының әуежайынан ұшқаннан кейін болған. Ұшақ Палоч (Paloch) қаласына бет алған екен. Оқиғаның куәгерлерінің айтуынша, ұшақтың қанаты мен басқа да бөлшектері Ақ Ніл өзенінің жағасына құлады.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети