15 тамыз 2017 09:13

"Сүйісті де, қоштасты". Егде жастағы жұп эвтаназия арқылы өмірмен қош айтысты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Нидерландыда тұратын егде жастағы жұп 65 жыл отасқаннан кейін қол ұстасып қайтыс болды, олар эвтаназия арқылы бұл өмірмен қош айтысты. 91 жастағы Ник пен Трис Элдерхос өз үйінде отбасы мүшелерінің ортасында көз жұмды, - деп хабарлайды The Daily Telegraph.

Бес жыл бұрын Ник инсульт алған, бұдан кейін ол қозғала алмай, ауырсынумен келген. Инсульттен денсаулығы нашарлап, үздіксіз дәрі-дәрмек қабылдаумен өтуге тиіс еді. Ал Тристің жағдайы оның артынан нашарлай бастап, күйеуіне қамқорлығын көрсете алмайтын жағдайға жеткен. Ол есте сақтау қабілеті нашарлап кеткен. Екеуінің біреуі қайтыс болса, екіншісі қарттар үйіне баруға тура келетінін ойлап, уайымдапты.

Жұптың қыздарының айтуынша, олар бірге қайтыс болуды қалаған. 

"Бір-бірін сүйді де, қол ұстасып, о дүниеге аттанды. Бұл өздерінің қалауы еді", - деді қыздарының бірі. 

Нидерландыда айықпас дертке ұшырағандар 2002 жылы эвтаназия жолымен қайтыс болуды заңдастырған тұңғыш ел. 2015 жылы 5,5 мыңнан аса адам эвтаназия арқылы бұл дүниемен қош айтысқан.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети