25 қаңтар 2015 16:08

Табиғи апаттар адамзатқа жыл сайын 200 миллиард доллар шығын келтіреді

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Wertep.com ©Wertep.com

Табиғи апаттар адамзатқа жыл сайын 200 миллиард доллардан астам экономикалық шығын келтіреді. Бұл туралы БҰҰ бас хатшысы Пан Ги Мунның жолдауында айтылды, - деп хабарлайды Дни.ру ресурсы. Ал апаттардан өлім-жітім деңгейі айтарлықтай азайған. 


Табиғи апаттар адамзатқа жыл сайын 200 миллиард доллардан астам экономикалық шығын келтіреді. Бұл туралы БҰҰ бас хатшысы Пан Ги Мунның жолдауында айтылды, - деп хабарлайды Дни.ру ресурсы. Ал апаттардан өлім-жітім деңгейі айтарлықтай азайған. 

Он жыл бұрын Жапонияда әлем көшбасшылары табиғи апаттардың салдарын жою бойынша әрекеттер бағдарламасын құптады. Бұл жоспар - 2004 жылы Үнді мұхитында болған цунамиге қарсы шара. Индонезия мен Сомали аралығында болған апаттан 227 мың адам қаза тапты. 

"2004 жылы осы күні, Үнді мұхитындағы цунамиден тура төрт аптадан кейін 168 елдің өкілдері (БҰҰ мүшелері) Жапонияның Коба қаласында жиналып, табиғи апаттармен байланысты қауіптерді басқару жөніндегі әрекеттердің ірі жоспарын қабылдады", - деді Пан Ги Мун. Біріккен ұлттар ұйымының бас хатшысы сол уақыттан бастап апаттардың салдарын жеңілдету бойынша айтарлықтай шаралар жасалғанын атап өтті. 

"Мыңдаған адам бүгінде апат ескертуінің жүйесі дамығандықтан тірі қалып отыр. Бұл жүйе - табиғатты болжау қызметінің жақсаруы, қауіп туралы ақпараттандыру жүйесінің қуатты бола түсуі және табиғи апаттарды зерттеу", - деді ол. БҰҰ өкілі табиғи апаттардың қауіпсіздігін азайту жөніндегі үшінші Дүниежүзілік конференцияның (наурызда жапонның Сендай қаласында өтеді) делегаттары табиғи апаттарға қарсы тұруға дайындықты жақсарту жолын табатынына үміт артты.

2005 жылы қаңтарда бұл бағдарламаның қабылданған сәтінен бастап 3400 табиғи апат болды: 750 мың адамның өмірін жалмаған жер сілкіністері, су тасқындары, дауылдар және апаттың басқа да түрлері. Осындай төтенше оқиғалардың шамамен 90 пайызы даму деңгейі төмен және орташа елдерде болады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.78   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети