13 желтоқсан 2014 15:26

Таиланд ханшайымы жемқорлық дауына байланысты тақтан бас тартты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет pervo.ru сайтынан алынды Сурет pervo.ru сайтынан алынды

Срирасми ханшайым ерікті түрде тақтан бас тартты деп хабарлайды патша сарайындағы мәлімдемеге сілтеме жасаған Gazeta.ru.


Срирасми ханшайым ерікті түрде тақтан бас тартты деп хабарлайды патша сарайындағы мәлімдемеге сілтеме жасаған Gazeta.ru.

Ханшайым Таиландтың келесі патшайымы бола алушы еді. Тақ мұрагері ханзада Махи Вадчиралонгкорн жұбайының бұл шешімі оның отбасы мүшелеріне қатысты жемқорлық дауына байланысты жасалған.

Таиланд патшасы Пумипон Адульядет тақтан бас тартқан ханшайым өтінішін қанағаттандырды. Срирасми ханзадаға 2001 жылы күйеуге шыққан. Олардың он жасар ұлы бар, ол да әкесі секілді таққа мұрагер бола алады.

Кейбір БАҚ-та 87 жастағы  Пумипона Адульядеттің денсаулығы соңғы кездері күрт нашарлаған деген ақпараттар жүр. 5 желтоқсанда монархтың туған күні аталып өткен, алайда ол жоспарланғандай бұл күні халық алдына шыға алмады.

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети