01 шілде 2017 11:21

Таиландта алып варан турист қызды жеп қойды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Facebook © Facebook

Таиланд полициясы Бельгияның 30 жастағы азаматы Элиза Даллеманның өлімін тексеріп жатыр. Сәуірдің соңында Тау аралында қыздың дене мүшесінің қалдықтары табылған болатын. Полиция қаза болған қыздың туыстарына оның өз-өзіне қол жұмсағанын айтқан, алайда олар мұндай мәліметке сенбейді, - деп хабарлайды Metro.

Даллемангенің денесін варан күл-талқанын шығарған, оның кім екенін анықтау үшін тек стоматологиялық сараптама жүргізілген. 

Туыстарының айтуынша, соңғы кездері ол әлемді шарлап, саяхаттап жүрген, йогамен айналысып, медитацияны үйреніп жүрген. Соңғы рет Бельгия азаматы қаза болғанға дейін бірнеше күн бұрын хабарласқан. Қыздың көңіл-күйі көтеріңкі және ол өзін бақытты сезінетінін айтып, "жұмақ аралында" өмір сүріп жатқанын айтқан. 

Элизаның ата-анасы егер ол өзіне қол жұмсаған болса, неге соңғы хат қалдырмағанын айтады. Журналистер тай полицейлерінің туристерді үркітпес үшін негізгі шындықты айтпай отыр деген күдік бар екенін жазған. 

Соңғы үш жылда Тау аралында жеті адам қаза тапты. Олардың барлығы ұзындығы үш метрге дейін жететін варанның құрбаны болған. Ол шаққан кезде уы адамды өлтіріп жіберуі мүмкін. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети