30 қыркүйек 2019 09:21

Таиландта видеоға түсірілген жол апатынан 17 студент қаза тапты

ПОДЕЛИТЬСЯ

видеодан үзінді видеодан үзінді

Таиландта Техникалық колледждің 17 студенті жол апаты салдарынан қаза тапты, - деп хабарлайды РИА Новости Thaiger жаңалықтар порталына сілтеме жасап. 


Таиландта Техникалық колледждің 17 студенті жол апаты салдарынан қаза тапты, - деп хабарлайды РИА Новости Thaiger жаңалықтар порталына сілтеме жасап. 

Оқиға жексенбіде Сисакет провинциясында Камбоджа шекарасына жақын маңда болған. Студенттер пикаппен үйіне қайтып келе жатқан. Портал мәліметінше, автокөлік қатты жылдамдықпен қозғалып, кенеттен жолдың шетіне шығып кетіп, бағанаға соқтығысып, аударылған. 

Оқиға салдарынан пикаптың артында отырған 12 адам сол жерде қаза тапқан. Тағы бесеуі ауруханада көз жұмды. Жүргізуші ауыр жарақаттармен ауруханаға жеткізілді.

Полицейлер оқиға орнында түсірілген видеоларды тексеріп жатыр, сондай-ақ, жүргізуші есін жиған кезде апаттың себебін анықтау үшін одан сұрау алатын болады. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети