01 наурыз 2016 23:21

Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон халқына су мен азық түлікті қамдап алуға кеңес берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Эмомали Рахмон © РИА Новости Эмомали Рахмон © РИА Новости

Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон халқына су мен азық түлікті қамдап алуға кеңес берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі мемлекет басшысының баспасөз қызметінің өкілдеріне сілтеме жасап. Тәжікстан президентінің құрғақшылық болатынын айтып, ескерткені хабарланып отыр.


Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон халқына су мен азық түлікті қамдап алуға кеңес берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі мемлекет басшысының баспасөз қызметінің өкілдеріне сілтеме жасап. Тәжікстан президентінің құрғақшылық болатынын айтып, ескерткені хабарланып отыр.

"Бейбітшілік пен ұлттық бірліктің негізін қалаушы Ұлт көшбасшысы, Тәжікстан Республикасының Президенті құрметті Эмомали Рахмон биыл құрғақ қыстың болғанын және көктемнің ерте түскенін еске салып, құрғақшылықтың болуы мүмкін екенін, сонымен қатар шығымсыздықты ескертті", - делінген Тәжікстан президентінің ресми сайтында.

Осы жағдайға байланысты халыққа қолда бар ресурстарды пайдалана отырып, қазірдің өзінде ауылшуаруашылық жерлерін, бақшаларды, жүзімдіктерді суарып, мүмкін болған жерлерден су қорын жинауға кеңес берілді. Мұнымен қатар, президент қолда бар ресурстар мен материалдық-техникалық мүмкіндіктерді құнттап, үнемдеп жұмсауға кеңес берді.

"Сонымен қатар, мемлекеттік шараларды өткізуге, шығыны көп халық дәстүрлері мен салттарына жұмсалатын шығынды барынша азайтып, халыққа азық түлікті қамдап алуға нұсқау берілді", - деп хабарлайды Эмомали Рахмонның баспасөз қызметіндегілер.

Еске салайық, Тәжікстанда барлық ақша айырбастау пункттері жабылған болатын, ал валюталық операцияларды банктердегі қызмет көрсету орталықтарында, қаржы мекемелерінің филиалдарында және кредит ұйымдарының бас кеңселерінде өткізу міндеттелген еді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети