17 қыркүйек 2015 17:31

Тәжікстанда Назарзода басқаратын ұйымды жою кезінде 25 адам өлтірілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© REUTERS © REUTERS

Тәжікстанда генерал Абдухалим Назарзода басқаратын ұйымды жою опреациясы кезінде 25 адам қаза тауып, 28 адам ұсталды, - деп хабарлайды РИА Новости республиканың Бас прокуратурасына сілтеме жасап.


Тәжікстанда генерал Абдухалим Назарзода басқаратын ұйымды жою опреациясы кезінде 25 адам қаза тауып, 28 адам ұсталды, - деп хабарлайды РИА Новости республиканың Бас прокуратурасына сілтеме жасап.

Тәжікстанның ішкі істер министрі бұған дейін Назарзоданы өлтіру туралы бұйрықты ресми түрде растаған болатын. "2015 жылдың 16 қыркүйегінде, сағат 14.00-де Назарзода басқаратын Ходжи Халима тобын жою операциясы толығымен аяқталды. Терроризмге қарсы жұмыс бір жарым күнге созылды. Өз еркімен берілуге көндіру нәтиже бермеді. Лаңкестер ашық қарсылық көрсетті. Қарсы оқ ату кезінде Ходжи Халима ұйымының басшысы Назарзода, Эшони Джунайдулло Умаров және тағы 10 сыбайласы өлтірілді", - деп жазылған Тәжікстанның ІІМ баспасөз хабарламасында.

Еске сала кетейік, 4 қыркүйекте Душанбе мен Вахдатта милиция қызметкерлеріне шабуыл жасалды, салдарынан тоғыз адам қаза тапты. Билік бұл шабуылды Тәжікстанның қорғаныс министрінің бұрынғы орынбасары Абдухалим Назарзода басқаратын ұйым жасады деп күдіктенді..

Дәл осы күні Тәжікстанның әскерилері Назарзода басқаратын ұйымға қарсы арнайы операцияны бастады. Тәжікстан ІІМ мәліметінше, ұйымға елдің бұрынғы әскерилерінен 135 адам мүше болған.

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети