26 қаңтар 2018 09:32

Тәжікстанда опасыздық жасаған ерлі-зайыптыларды жазалау ұсынылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Islam-Today.ru © Islam-Today.ru

Тәжікстан бас прокуроры Юсуф Рахмон ерлі-зайыптылардың опасыздығын қылмыстық жазалау мәселесін қарастырады, - деп хабарлайды "Sputnik Таджикистан".


Тәжікстан бас прокуроры Юсуф Рахмон ерлі-зайыптылардың опасыздығын қылмыстық жазалау мәселесін қарастырады, - деп хабарлайды "Sputnik Таджикистан".

25 қаңтарда өткен баспасөз конференциясында журналистердің бірі осындай ұсыныс жасады. Ол өзінің ұсынысына соңғы айларда Тәжікстанда қызғаныштан адам өлтіру қылмысы көбейіп кеткенін алға тартты. Бас прокурор осы мәселені қарастыратынын айтты. 

2017 жылы қазанда милиция Чорборг ауылында 56 жастағы ер адамды өзінің бұрынғы әйелін өлтірді деген күдікпен ұстаған. Ол 40 жастағы әйеліне 19 рет пышақ ұрған. Осыған дейін екі апта бұрын милиционерлер Педжикент елді-мекенінің 45 жастағы тұрғынын қамауға алған, ол қызғаныштан 43 жастағы әйелін буындырып өлтірген. 

2015 жылы Оңтүстік Кореяда ерлі-зайыптылардың опасыздығы үшін қылмыстық жазаны алып тастады. 1953 жылы шыққан заң бойынша екі жыл бас бостандығынан айырылуы мүмкін еді. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети