13 қыркүйек 2021 09:45

Тәліптер қыздардың университетте оқуына рұқсат берді

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Көрнекі сурет: pixabay.com Көрнекі сурет: pixabay.com

12 қыркүйек, жексенбіде "Талибан" қозғалысындағы жаңа жоғары білім министрі Абдул Баки Хаккани баспасөз мәслихатында ауған әйелдері университеттерде оқуын жалғастыра алатынын, бірақ бөлек оқитынын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі  Russian.rt. агенттігіне сілтеме жасап. 


12 қыркүйек, жексенбіде "Талибан" қозғалысындағы жаңа жоғары білім министрі Абдул Баки Хаккани баспасөз мәслихатында ауған әйелдері университеттерде оқуын жалғастыра алатынын, бірақ бөлек оқитынын мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі  Russian.rt. агенттігіне сілтеме жасап. 

Хаккани студенттерде киімнен бастап біраз өзгерістер мен шектеулер күтіп тұрғанын ескертті. Оның айтуынша, хиджаб кию міндетті болады.

Сонымен қатар, ЖОО қабырғасында гендерлік бөлу күшейеді.

"Біз ұлдар мен қыздардың бірге оқуына жол бермейміз", - деді министр.

Сондай-ақ, Ауғанстан жоғары оқу орындарының түлектерін әлемдік еңбек нарығында "бәсекеге қабілетті" ету үшін оқу бағдарламалары қайта қаралатынын айтты.

Осыған дейін Ауғанстан университеттерінде ерлер мен әйелдер бірге оқыды, студенттерде түрлі тиім киюге шектеулер болған жоқ. Алайда қыздардың басым көпшілігі дәстүрге сәйкес орамал киюді жөн көрді. Бірақ бастауыш және орта мектептерде ұлдар мен қыздар "Талибан" билікке келгенге дейін де бөлек оқытылды. Жоғары сынып оқушылары тізеге дейін келетін белдемше мен ақ орамал тақты. Джинсы, макияж және зергерлік бұйымдарға тыйым салынды.

Бұған дейін "Талибан" қозғалысының өкілі (Жоғарғы соттың шешіміне сәйкес, Қазақстанда қозғалысқа тыйым салынған) Забиулла Муджахид Ауғанстанның Жаңа Үкіметінде әйелдерге арналған лауазымдар болады деп уәде берген болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети