03 наурыз 2017 16:42

Ташкент орталығындағы ең үлкен көшеге Ислам Каримовтің есімі берілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ислам Каримов. © REUTERS Ислам Каримов. © REUTERS

Ташкенттегі орталық көшеге Ислам Каримовтің есімі берілді, - деп хабарлайды Podrobno.uz.


Ташкенттегі орталық көшеге Ислам Каримовтің есімі берілді, - деп хабарлайды Podrobno.uz.

Ташкент қаласының баспасөз қызметіндегілердің мәліметінше, Өзбекстан астанасында Ислам Каримовтің есімі көрсетілген тақталар пайда болады. Қала депутаттарының шешімімен бұрынғы Өзбекстан көшесіне Ислам Каримовтің есімі беріледі. Құжат Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеевтің қаулысы аясында қабылданған.

Айта кетейік, Ислам Каримовтің есімі берілген көше - қаладағы ең ұзын көшелердің бірі. Ол бес ауданды қамтиды екен - Мирабад, Юнусабад, Яккасарай, Шайхантохур және Чиланзар аудандары.

Еске салайық, 2016 жылдың 2 қыркүйегінде Өзбекстан президенті Ислам Каримовтің қайтыс болғаны хабарланған болатын. Ол 78 жасында қайтыс болған еді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети